Директор сәлемі
Ы. Мәуіт, бас директор. Зерделі негізін қалаушылар туралы
Армысыздар, құрметті оқушылар және ата-аналар!
Біз сіздерді Зерделі халықаралық мектебінде көргенімізге қуаныштымыз және сіздердің білімдеріңізді дамыту бағытында жұмыс жасаймыз.
Баланың білікті болуы — ұлағатты ұстазға, бәсекелі ортаға және тума талантқа немесе тұрақты еңбекке байланысты.
Зерделінің әрбір ұстазы білікті әрі мәдениетті маман. Біз олардың сапасын қатаң қадағалаймыз. Екіншіден, бізге келетін оқушылардың бәрі қабылдау тестінен өтетіндіктен, негізінен логикасы жоғары оқушылар, яғни бәсекелі орта бар. Үшінші мәселе — тума талант немесе тұрақты еңбек. Талант бәрімізге түсінікті. Бірақ көптеген азаматтар балада қабілет жоқ деп, тұрақты еңбекке мән бермей жатады. Біле білсек, қабілетті дамытудың ең дұрыс жолы — төзімділік пен еңбек. Біз жүйелі түрде қызықты әрі қиын есептерді шығару, кітап оқу, бәсекелі орта құру арқылы баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тұрақты еңбекке баулып, міндетті түрде нәтиже шығаруға тырысамыз!
Зерделі — математика мен логиканы, ағылшын тілі мен IT бағытын тереңдетіп оқытатын мектеп. Осы бағытта баланы дамытады. Ескеріңіз, Финляндияның білім жүйесі бойынша әрбір бала талант иесі! Бір бала математикаға бейім, екіншісі — тілге, үшіншісі — спортқа, басқасы — өсімдіктануға не музыкаға және т.б. Біздің мақсат — әр баладан математик жасау емес, барлық балаға жақсы логика қалыптастыру. Ал логикасы мықты адам кез келген саланы игеріп, мықты маман болары сөзсіз!
Бәріміз бірге жастарға сапалы білім беріп, бірлігі мықты Зерделі халықаралық мектебін дамытуға тырысайық. Бізге деген сенімдеріңізге үлкен рақмет!
Құрметпен, бас директор Ы. Мәуіт
Ырысбек Мәуіт
Жетістіктері:
- «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектептері мен орталықтарының бас директоры;
- ҚР Оқу-ағарту министрінің «Құрмет» грамотасының төрт мәрте иегері;
- «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы;
- 60-қа жуық халықаралық математикалық олимпиада жүлдегерлерінің ұстазы/бапкері, оның үшеуі «Алтын медаль» иегері;
- Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының тренері;
- 50-ден астам оқу құралының авторы.
Өжет Мәуіт
Жетістіктері:
- «Зерделі» негізін қалаушылардың бірі;
- Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ирландияның Дублин қаласындағы Тринити жоғары оқу орнының PhD докторы;
- Бірнеше халықаралық жобалар грантының иегері;
- Назарбаев университетінің ғылыми жобалар жетекшісі;
- Ондаған ағылшын тілі оқу құралдарының авторы.
