Ақылы оқуға қабылдау ережесі
2025–2026 оқу жылына бекітілген оқу ақысы, гранттар және жеңілдіктер
Оқу ақысы
Зерделі мектептер желісінің оқу ақысы — 2 400 000 тг.
«ZIS Shymkent» мектебінің 2025–2026 оқу жылына бекіткен оқу ақысы — 840 000 тг.
| № | Жеңілдік | Сома | Шарты |
|---|---|---|---|
| 1 | 0% | 840 000 тг. | Жеңілдіксіз төлем |
| 2 | 5% | 798 000 тг. | Ата-ана бір реттік төлеммен 100% төлем жүргізсе және бір отбасынан 2–3 бала оқыған жағдайда |
| 3 | 10% | 756 000 тг. | Тест нәтижесіне, жеңілдік санына байланысты |
| 4 | 20% | 672 000 тг. | Тест нәтижесіне, жеңілдік санына байланысты |
| 5 | 30% | 588 000 тг. | Тест нәтижесіне, жеңілдік санына байланысты |
| 6 | 50% | 420 000 тг. | Тест нәтижесіне, жеңілдік санына байланысты |
| 7 | Алғашқы жарна | 90 000 тг. | Бала оқуға қабылданғаннан кейін төленетін бір реттік төлем |
Алғашқы жарна
Алғашқы жарна — барлық жаңадан қабылданған оқушылардың ата-анасы мектеп мүшелігіне қабылданғаны және мектепте орнын сақтап қалуы үшін төлейтін бір реттік төлем. Ол тестген өткеннен кейін 3 күн ішінде төленуі керек, болмаса орны сақталмайды. Алғашқы жарнаны грантта, жеңілдікпен не ақылы оқитынына қарамастан, әрбір оқушының ата-анасы төлеуі қажет.
Алғашқы жарнаға не кіреді?
- Бірыңғай мектеп формасы;
- Зерделі авторлық кітаптары;
- Айлық бақылау тесттері;
- Z-Point мотивация жүйесі.
Сыныптар бойынша гранттар
| Параллель | Оқушы саны | Тесттен рекорд жасаған оқушы | Олимпиада жүлдегері | Ы. Мәуіттің жеке гранты | Жалпы грант саны / % |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 сынып | 20 | – | – | – | – |
| 2 сынып | 40 | – | – | – | – |
| 3 сынып | 40 | 1–2 | 1 | 1 | 3 |
| 4 сынып | 60 | 1–2 | 1 | 1 | 4 |
| 5 сынып | 60 | 1–2 | 1 | 1 | 4 |
| 6 сынып | 60 | – | 1 | – | 1 |
| 7 сынып | 40 | 1–2 | – | 1 | 3 |
| 8 сынып | 40 | 1–2 | 1 | 1 | 3 |
| Жалпы | 360 | 10 | 5 | 5 | 18 / 5% |
Ы. Мәуіттің жеке гранты — «Әлемдік 1000 бала» жобасы.
Ескерту
- Олимпиада жүлдегерлері жыл ішінде қосыла алады;
- Ы. Мәуіт гранты тест кезінде де, одан тыс та беріледі;
- Грант бір жылға ғана беріледі;
- Грант жалпы санның 5%-нан аспау керек.
Сыныптар бойынша жеңілдіктер
| Параллель | Оқушы саны | 50% | 30% | 20% | 10% | Жеңілдік саны / % |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 сынып | 20 | – | – | – | – | – |
| 2 сынып | 40 | 2 | 4 | 3 | 3 | 15 |
| 3 сынып | 40 | 2 | 4 | 3 | 3 | 15 |
| 4 сынып | 60 | 4 | 6 | 4 | 4 | 15 |
| 5 сынып | 60 | 4 | 6 | 4 | 5 | 15 |
| 6 сынып | 60 | 2 | 5 | 3 | 4 | 12 |
| 7 сынып | 40 | 2 | 5 | 3 | 4 | 15 |
| 8 сынып | 40 | 2 | 5 | 3 | 4 | 15 |
| Жалпы | 360 | 18 / 5% | 35 / 10% | 23 / 7% | 27 / 8% | 102 / 30% |
Ескерту
- Зерделі мамандарының балалары 30% жеңілдікке ие;
- Жалпы жеңілдік осы кесте ретімен болады, жеңілдік алмаған сыныптардың жеңілдігін басқа сыныпқа қолдануға болмайды;
- Жалпы грант пен жеңілдік оқушылар санының 35%-нан аспау керек.
