Заңды өкілден және білім алушыдан осы Шартқа сәйкес міндеттерді адал және тиісінше орындауды, тәртіпті сақтауды, оқытушыларға және басқа да білім алушыларға дұрыс және құрметпен қарауды талап етуге;
Білім алушыдан және Заңды өкілден Мектеп мүлкіне ұқыпты қарауды талап етуге. Білім алушының іс-әрекетімен материалдық залал келтірілген жағдайда, оны қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды Заңды өкілден өтеуді талап етуге;
Барынша тиімді оқыту мақсатында топтарда білім алушылар контингентін дербес қалыптастыруға, жеке және топтық сыныптарды құруға, сыныптан сыныпқа ауыстыруға, басқа да тәжірибелерді қолдануға;
Білім алушы теріс мінез-құлықтар көрсетіп, Мектеп саясатын жүйелі түрде бұзатын болса, сондай-ақ Заңды өкіл Мектепке оқушыны қабылдау кезінде Мектепке қасақана жалған құжаттар немесе мәліметтер берсе, Мектеп бұйрығымен білім алушыны оқудан шығаруға;
Заңды өкілден қызмет көрсету үшін ақы төлеуді талап етуге;
Шарт бойынша өзінің талап ету құқығын кез келген үшінші тұлғаға толық немесе ішінара беруге, сондай-ақ берешекті өндіріп алу үшін заң кеңесшісін тартуға;
Сабақтарды өзгерту және/немесе ауыстыру себебін көрсете отырып, Заңды өкілді немесе білім алушыны 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрінеу хабардар ете отырып, сабақ кестесін өзгертуге, сабақтарды ауыстыруға;
Білім алушыға білім беру ұйымының басшысы бекіткен актілерде көзделген тәртіппен және шарттарда оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беруге;
ҚР білім саласындағы заңнамаларды, Мектеп Жарғысын, ішкі құжаттар талаптарын орындауды талап етуге құқылы.